Тайландта жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтіп жатыр
Тайландта жағажай волейболынан студенттік командалар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. |
27 қараша күні жалауын көтерген байрақты бәсекеде ел намысын Бақтыгүл Самалықова мен Любовь Богату қорғауда. 12 елдің 19 жұп спортшысы қатысып жатқан дүбірлі доданың топтық кезеңінде қазақстандық қыздар Қырғызстан, Гонконг және Тайландтық құрдастарымен бір топта сайысқа түсуде. Олар бұл сында қырғызстандықтарды 2:0, одан кейін тайландықтарды 2:1 есебімен жеңіп, бүгін енді гонконгтықтармен кездесуде. Алғашқы 2 ойындағы жеңісі оларға бұл кездесудің нәтижесіне қарамастан бірден плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік береді.
Қазақстандық жұп биыл Канадада 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында өнер көрсетіп, Азиялық құрлықтық кубокта ұлттық құрама сапында қола жүлдегер атанған болатын. Сондықтан 30 қараша күні аяқталатын студенттік командалар арасындағы Азия чемпионатында жүлделі орыннан басты үміткерлердің бірі болып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін