Жарияланды: 490

Таңат Нөсербаев «Астана» футбол клубының 2012 жылғы үздік ойыншысы атанды

Таңат Нөсербаев «Астана» футбол клубының 2012 жылғы үздік ойыншысы атанды

«Астана» футбол клубының сайты жанкүйерлер арасында жүргізілген үздік ойыншыға дауыс беру қорытындысын жариялады. Онда Таңат Нөсербаев 17,07 пайыз (74 дауыс), Михаил Рожков 14,66 пайыз (72 дауыс), Ненад Эрич 13,85 пайыз (68 дауыс), Фокси Кетевоама 12,02 пайыз (59 дауыс), Ұлан Қонысбаев 10,18 пайыз (50 дауыс) жинады.

Таңат Нөсербаев Премьер-лигада биылғы маусымда қарсыластар қақпасына 10 доп енгізіп, ел чемпионатында павлодарлық Ұлықбек Бақаевтан («Ертіс») кейінгі ең үздік мерген атанған болатын. «Астаналық» шабуылшы биыл өз командасында да, ұлттық құрамада да тұрақты ойын өрнегімен жанкүйердің ыстық ілтипатына бөленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін