Танымал қазақстандық велошабандоз Андрей Кашечкин «Pro Team Astana» командасына оралады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал қазақстандық велошабандоз Андрей Кашечкин «Pro Team Astana» командасына оралады

Танымал қазақстандық велошабандоз Андрей Кашечкин «Pro Team Astana» командасына оралады

Танымал қазақстандық велошабандоз Андрей Кашечкин «Pro Team Astana» командасына оралады, деп хабарлады ҚР Велоспорт федерациясының баспасөз қызметінен.

  • 2 Тамыз 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz

Федерацияның атап өтуінше, дүйсенбі күні Монакода А.Кашечкин «Pro Team Astana» велокомандасының менеджментінен шақыру алғандығын және қазақстандық командаға ауысуға дайындалып жатқандығын жария еткен. Сонымен қатар ол итальяндық «Lampre» командасымен арадағы келісімшарттың аяқталғандығын, ал «Pro Team Astana» командасымен келісімшарт жасасуға айтарлықтай кедергілер туындап отырмағандығын мәлімдеген.

«Қазір тараптардың заңгерлік консультациялары үдерісі аяқталуға жақын. Қағаз жұмыстары аяқталғаннан кейін біз Андрей Кашечкинмен келісімшартқа қол қойылғандығы туралы хабарлаймыз», — деді «Pro Team Astana» командасының коммерциялық директоры Айдар Махметов.

Сондай-ақ федерацияның ақпаратына сәйкес А.Кашечкин «Туре Вуэльта-2011» көпкүндігінде «Астана» командасының көшбасшысы ретінде жарыс жолына шығуға және ағымдағы жылдың қалған маусымында «ProTeam Astana» командасында ақысыз өнер көрсетуге пейіл танытып отыр.

«Андрей Кашечкин Винокуровпен бірге Астана командасының іргесін қалаушылардың бірі. Сондықтан оның командаға оралуы өте заңды әрі маңызды оқиға болып табылады. Сонымен қатар бұған дейін команда басшылығы мәлім еткендей, біз «Астана» командасына ең үздік қазақстандық велошабандоздарды тартуға ниеттіміз және Кашечкиннің оралуы — шындығында да ұлттық команда қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі», — деді А.Махметов.

Өз кезегінде бұл шақыртуды ұзақ уақыт күткендігін жасырмаған А.Кашечкин: «Өзімнің уақытым келді деп санаймын. Мен тек қана Қазақстан туы астында өз мүмкіндігімді көрсетуім керек», — деді.

Соңғы жаңалықтар