Жарияланды: 360

«Тараз» клубы өз алаңында алматылық «Қайраттан» басым түсті

«Тараз» футбол клубы ел чемпионатының кезекті турында Алматының «Қайратын» 1:0 есебімен жеңді.

Ойын кеше, 8 маусым күні Тараздың орталық стадионында нөсер жауынның астында өтті. Тараздықтар соққан жалғыз голдың авторы - сенегалдық легионер Абдулай Диакате. Алаң иелері қарсыластарының қақпасын бағындыруға бірнеше мүмкіндік алғанымен, Неманья Йовановича пен Роман Пахолюк доптары нысанадан қиыс кетті. Ал қонақтар жақтан Мұрат Сүюмағамбетов өз мүмкіндігін жіберіп алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін