Тараздық Арайлым Шегенова самбодан әлем чемпионы атанды
![]() |
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Арайлым Шегенова Латвия астанасы - Рига қаласында өткен |
самбодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде 80 келіден астам салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанды.
Ол финалда ресейлік қарсыласынан басым түсіп, алтынға қол жеткізді. Дүбірлі додаға аталған салмақ дәрежесі бойынша 32 мемлекеттің саңлақтары қатысқан. «Арайлым үшін спорттың осы түрінің келешегі зор. Ол әлі талай қарсыластарын шаң қаптырып, жеңіс тұғырынан көрінеді. Өйткені, ол өте еңбекқор және төзімді. Спортта көп нәрсеге қол жеткізе алады», - деді бапкері Қонысжан Танаев.
Айта кетейік, қазан айында Латвияның Рига қаласында самбодан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі өтті. Халықаралық турнирде бақ сынаған А. Шегенова жарыс жолында Беларусь, Румыния, Ресей спортшыларынан басым түсті. Балғын спортшы бұған дейін жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанды. Оны жарысқа Қайролла Лұқманов дайындады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін