Кубада дүниеге келген АҚШ азаматы, 55 жастағы Мануэль Элизондо Кастильо Жамбыл облысының бокс бойынша құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.
Панамерикандық бірінші спорт академиясының түлегі, сондай-ақ Мануэль Фажардо атындағы кубалық спорт және денешынықтыру институтының «Бокс» бойынша мамандығының бакалавры М. Кастильо он жыл бойы (1984-1994 жылдар) Куба жасөспірімдерінің ұлттық құрамасының жаттықтырушысы ретінде жұмыс істеді.
Мануэль Элизондо Кастильоны облыстық туризм, спорт және денешынықтыру басқармасының басшылығы облыстың мамандандырылған мектептерінде қызмет атқаратын бокс мамандары мен жаттықтырушыларына таныстырды.