"Тарихта тұңғыш рет": Қазақ қызы каратэден әлем чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тарихта тұңғыш рет": Қазақ қызы каратэден әлем чемпионы атанды

"Тарихта тұңғыш рет": Қазақ қызы каратэден әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай каратэден әлем чемпионы атанды.

  • 30 Қазан 2023
  • 157
Фото - Caravan.kz

Сүйінші жаңалықпен алғашқылардың бірі болып спорт журналисі Аслан Каженов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай каратэден әлем чемпионы атанды. Дүниежүзілік дода Будапеш қаласында өтті. Қазақ қызы 50 келіге дейінгілердің арасында топ жарды. Айта кету керек, бұған дейін бізде ересектер арасында WKF каратэден чемпион болмаған еді. Жастар мен жасөспірімдер санатында бар…", — деп жазды ол. 

Венгрия астанасында өтіп жатқан WKF каратэден әлем чемпионатында  Қазақстан делегациясы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдың арқасында 5-орын алып, тарихи көрсеткішке қол жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар