Жарияланды: 460

Ташкентте жұдырықтасатын «арландардың» тізімі белгілі болды

Ташкентте жұдырықтасатын «арландардың» тізімі белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс сериясында кездесетін «Астана арландары» мен «Өзбек жолбарыстары» арасындағы майданға шығатын боксшылардың тізімі белгілі болды, деп жазады Vesti.kz .

Бұл екі команда арасындағы бокс кеші 1 сәуір күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп, Астана уақытымен 20:00 де басталады.

Жекпе-жекке қатысатын боксшылардың тізімі:

46-49 келі: Хасанбой Дусматов - Теміртас Жүсіпов

56 келі: Абдулхай Шарахматов - Ильяс Сүлейменов

64 келі: келі: Эльнур Абдураимов - Дільмұрат Мижитов

75 келі: Исраил Мадримов - Сапарбай Айдаров

91 келі: Зухриддин Махкамов - Антон Пинчук

Егер бұл жекпе-жекте «Астана арландары» жеңіске жететін болса, С тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне шығады. Қазіргі уақытта біздің команда 12 ұпай жинап, Азия аймағында жиналған командалардың көшін бастап келеді. Ал «Өзбек жолбарыстары» алты ұпаймен екінші орында тұр.
Айта кетейік, екі команда арасында Талдықорғанда өткен бірінші кездесуде «арландар» өзбекстандық боксшыларды 4:1 есебімен жеңген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін