Теннис: Первак - ширек финалда
![]() |
Жаңа жыл бастала Қазақстан теннисшілері жаңа маусымды бастап кетті. |
Ксения Первак Австралияның Брисбен қаласындағы турнирде жарыстың ширек финалына шықты, деп хабарлайды «Аламан». Әлемнің 103 ракеткасы саналатын 21 жастағы теннисші алғашқы айналымда әлемнің 10 ракеткасы Каролина Возняцкиді (Дания) жарыстан шығарды - 2:6, 6:3, 7:6
Ал екінші айналымда поляк Урсула Радвансканы еліне қайтарды - 3:6, 6:2, 7:6. Первак енді ширек финалда белоруссиялық Виктория Азаренко мен германиялық Сабина Лисицки жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін