Жарияланды: 490

ТЕННИС: З.Дияс Токио турнирінде жеңіліп қалды

ТЕННИС: З.Дияс Токио турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс бүгін Токио турнирінің екінші айналымында поляк қыз Магда Линетпен кортқа шықты.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, З.Дияс қарсыласына 2:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Әлемдік сатыда 43-інші орында келе жатқан З.Дияс осы турнирдің екінші ракеткасы болатын. Соған қарамастан, өзінен рейтингте төмен тұрған теннисшіден ұтылып қалды.

Ширек финалда Магда Линетт Тайвань елінің өкілі Се Шувэймен күш сынасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін