Теннистен «Astanalyk Amateur Open - 2011» республикалық чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннистен «Astanalyk Amateur Open - 2011» республикалық чемпионаты өтеді

Теннистен «Astanalyk Amateur Open - 2011» республикалық чемпионаты өтеді

Астанада 4-5 маусым күндері әуесқой теннисшілердің ерлер арасындағы «Astanalyk Amateur Open - 2011» республикалық чемпионаты өтеді.

  • 31 Мамыр 2011
  • 345
Фото - Caravan.kz

Оны Әуесқой теннисшілер клубы мен ҚР Теннис федерациясы бірігіп ұйымдастырып отыр. Жарыс жеңімпазы 7-9 шілде күндері Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтетін Дэвис кубогының Қазақстан-Аргентина матчына жолдама алады. Оған кәсіби тәжірибесі жоқ 25 жастан жоғарғы барлық үміткер қатысады. Бұл Астана қаласында жаңадан құрылған Әуесқой теннисшілер клубының алғашқы шарасы болмақ.

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Дэвис кубогының ширек финалдық ойындарын алғашқы кезде 8-10 шілде күндері өтеді деп жоспарлаған еді. Ол кейін қала мэрі мен үкіметінің сайлауына байланысты, бір күнге ерте басталатын болып шешілді. Parque Roca стадионында болатын бұл бәсекеде жарыстың алғашқы күні жекелей сындар, 8-і — жұптық, ал 9-ы күні соңғы жекелей сайыстар өтетін болады. Жалпы Дэвис кубогының бұған дейінгі кезеңінде Қазақстан Чехияны, Аргентина Румынияны ұтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар