Жарияланды: 400

Теннистен Буэнос-Айресте Аргентина мен Қазақстан арасында Дэвис кубогының ширек финалдық ойыны өтеді

Шілденің 7-9 күндері Буэнес-Айресте теннистен Қазақстан мен Аргентина құрамалары арасында Дэвис кубогының ширек финалдық ойыны өтеді.

Онда ел намысын Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Юрий Щукин мен Евгений Королев қорғайтын болады. Ал алаң қожайындарының командасында Хуан Игнасио Чела, Хуан Мартин Дель Потро, Хуан Монако мен Эдуардо Шванк бар. Алғашқы күні құраманың 1-нөмірлері қарсыластардың 2-ші нөмірлерімен кездеседі. Ал екінші күні жұптық сайыста өтіп, жарыстың соңғы күні ақтық жекелей сындар өтеді. Жалпы Дэвис кубогының ширек финалдық ойындарында Аргентина мен Қазақстаннан бөлек, Сербия мен Швеция, АҚШ пен Испания, Германия мен Франция құрамалары да өзара сайысқа түспек. Аргентина мен Қазақстан арасындағы сайыс алғашқы кезде 8-10 шілде күндері өтеді деп жоспарланған болатын. 10 шілдеде Буэнес-Айрес мэрі мен Үкіметінің сайлауы болатындықтан Халықаралық теннис федерациясы жарыстың мерзімін бір күнге ілгері жылжытуға шешім шығарды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін