Тимофей Скатов Германиядағы теннис турнирінің финалына дейін жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тимофей Скатов Германиядағы теннис турнирінің финалына дейін жетті

Тимофей Скатов Германиядағы теннис турнирінің финалына дейін жетті

Қазақстандық теннисші Германияда өткен турнирдің финалында жеңіліп қалды.

  • 13 Тамыз
  • 58
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Бонн қаласында өткен «Челленджер» турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Жүлде үшін өткен матчта ол австриялық Юрий Родионовпен (ATP рейтингінде 185-орын) кездесті. Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты кездесу Родионовтың пайдасына 3:6, 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Тимофей Скатов мансабындағы үшінші кәсіби атағын жеңіп ала алмады. Бұған дейін оның еншісінде екі «Челленджер» жүлдесі бар еді. Алғашқы рет ол 2022 жылы Италияның Парма қаласында жеңіске жеткен, кейін 2024 жылы Германияның Аугсбург қаласында топ жарған болатын.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера