Жарияланды: 470

«Тобылға» жаңа бапкер келді

«Тобылға» жаңа бапкер келді

Футболдан Қостанайдық «Тобылына» жаңа бапкер тағайындалды. Енді бұл команданы жергілікті маман Сергей Масленов баптайды, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталы.

Масленов екі жылдан бері командада физикалық дайындық бойынша бапкер болған. Облыстық футбол федерациясы оның қолына команда тағдырын сеніп тапсырды. Ал «Тобылды» бұрын баптаған Вячеслав Грозный отставкаға кетті. Сондай-ақ «Тобыл» командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиев командамен келісім шартын тағы да үш жылға созды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін