Тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды

Тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды

Таразда төл ойынымыз тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер арасындағы классикадан жекелей чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 6 Қазан 2017
  • 873
Фото - Caravan.kz

12 қазанға дейін жалғасатын додаға Астана, Алматы қалалары, БҚО, ОҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарынан 78 спортшы (42 ер, 36 әйел) бақтарын сынауда. Олардың 1-еуі Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 10-ы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22-і спорт шеберлері, 34-і спорт шеберлігіне үміткерлерлер болса, 11-і І-спорттық разряды бар спортшылар.  


Қатысушылардың арасында өткен айда ғана Астана қаласында өткен IV Әлем чемпионатында ел  намысын қорғаған спортшылар да бар. Жарыс 9 турдан тұрады.      

Соңғы жаңалықтар