"Токиода тек алтын аламын деп уәде бергенім рас. Бірақ..." Жазира Жаппарқұл уәдесін неге орындай алмайтынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Токиода тек алтын аламын деп уәде бергенім рас. Бірақ..." Жазира Жаппарқұл уәдесін неге орындай алмайтынын айтты

"Токиода тек алтын аламын деп уәде бергенім рас. Бірақ..." Жазира Жаппарқұл уәдесін неге орындай алмайтынын айтты

Ауыр атлетикадан спорт шебері, олимпиада ойындарының чемпионы Жазира Жаппарқұл Токиода өтетін жарысқа бара алмайтынын жеткізді.

  • 26 Наурыз 2021
  • 278
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталының тілшісіне сұхбат беріп, себебін түсіндірді.

Рио-дағы олимпиададан соң Токио саған тек алтын үшін келемін деп уәде берген едіңіз. Сол уәдеңіздің әлі жаны бар ма яғни тұра аламын деп ойлайсыз ба?! Дайындығыңыз қалай?!

— Риодан соң Токиода алтын алам дегенім рас. Өйткені ол өзімнің арманым болатын. Әрі елдің арманы дегендей. Еліміздің байрағын желбіретіп, әнұранын шырқату әрбір спортшының арманы. Бірақ қазір менің денсаулығыма байланысты бара алмайтын болдым. Белімде грыжа деп жатамыз ғой, міне сол екі жерге шыққан. Риодан соң мен біраз емделдім ауырып қалдым. Ауыр көтерген сайын аяғым, белім ұстап қала берді. Жалпы спорт басқармасының бұл жөнінде хабары болатын. Кейіннен емдетеміз деді алайда ол тек сөз жүзінде қалды. Біраз күттім бірақ нәтижесіз аяқталды. Негізі толыққанды емделіп шығуыма болар еді мені қолдап жібергенде. Бірақ оған көп қаражат керек л менде ондай қаражат жоқ. Егер мен он мын долларлап айлық алып жатсам, ешкімнен көмек сұрамас та едім. Өзім барып шетелдерге емделіп, жазылып келер едім. Елім үшін тағы бір рет жеңіске қол созып көрер едім. Бірақ біздің айлығымыз барып емделі тұрмақ, күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге әрең жететін еді. Солай емделе алмай қалдым. Рио-ға кетпес бұрында мен біраз көмек сұрадым спорт басқармасынан, бірақ олар хабарсыз кетті. Тіпті мені барады депте ойлаған жоқ шығар. Мейлі өзім үшін, елім үшін деп үндемедім. Барып медаль алғаннан соң өздері қайта-қайта хабарласып кетті. Мен кет те, кел де деген жоқпын. Жалпы айта берсем сөздің соңы жоқ. Кішкене ренжулі екендігімді жасырмаймын спорт басқармасына. Мен халықтан кешірім сұраймын Токиоға бара алмайтыным үшін. Барып қуанышпен оралсам деген арманым болатын. Міне енді денсаулығыма байланысты қалып қойдым.

— Қазіргі таңда қайда және немен айналысып жатырсыз?!

— Қазіргі таңда мен өзімнің жеке ауыр атлетика және басқа да спорт түрлерінен үйірмелер ашып жатырмын. Әрі өзімде жаттығып жатырмын. Бұйыртса үлкен спорт зал ашсам ба деген арманым бар. Сол арманға жету үшін тоқтамай, талмай шаршамай еңбек етіп, әрекет жасап жатырмын. Жалпы спорттан басқа өзімнің жеке бизнесім бар олар жүріп жатыр шүкір, бірақ көбінесе спортқа көңіл бөлемін.

Жазира Жаппарқұл: "Өзім сияқты ұл-қыздар көп болғанын қалаймын"

Соңғы жаңалықтар