Тоқаев Бибісара Асаубаеваны Азияның үздік шахматшысы атануымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Бибісара Асаубаеваны Азияның үздік шахматшысы атануымен құттықтады

Тоқаев Бибісара Асаубаеваны Азияның үздік шахматшысы атануымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны ФИДЕ марапатымен және Азияның үздік шахматшысы атануымен құттықтады.

  • 7 Тамыз 2022
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі", — делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салсақ, Бибісара Асаубаеваға "Әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы – 2021" марапатын әлемнің 15-ші чемпионы Вишванатан Ананд тапсырды.

Бибісара Асаубаева — әйелдер арасындағы гроссмейстер, халықаралық шебер, 2021 жылы шахмат тарихындағы блиц бойынша ең жас әлем чемпионы. Ол – "Алтын Мангуст" және "Шапағат" ордендерінің иегері.


Айта кетері, Үндістанның Ченнай қаласында әлемдік шахмат олимпиадасы өтіп жатыр. Индиядағы әлемдік шахмат олимпиадасының жетінші кезеңінде Қазақстанның шахматтан ерлер командасы 11-ші орыннан 7-ші орынға көтерілсе, әйелдер командасы 14-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар