Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды

Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды.

  • 10 Сәуiр
  • 5
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ақтық айқаста ол иорданиялық Зеяд Ишаишқа жол берді.

Төрехан алғашқы раундта 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раундта қарсыласы есепті теңестіріп, шешуші үшінші раундқа боксшылар тең жағдайда шықты.

Соңғы раундта Ишаиш басым болып, Сабырхан жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов чемпион атанған еді.