Жарияланды: 730

Төреші өліп бара жатқан ММА файтеріне бір минут бойы қарап тұрған

Төреші өліп бара жатқан ММА файтеріне бір минут бойы қарап тұрған

Бұл төрешілердің әрекетсіздігінен болған.

Бразилиялық промоушн ММА Demolidor аясында Мелкизель Коста және Рафаэль Барбоса арасындағы жекпе-жек қайғылы аяқтала жаздаған, - деп жазады "Р-Спорт".

Тұншықтыру әдісіне түсіп қалған Коста бір минуттай қозғалыссыз жатқанымен жекпе-жек тоқтатылмады. Қарсыласы қимылсыз қалғанын сезген Барбоса төрешіге жеңісті тіркеу үшін бегі берген.

Алайда төреші жекпе-жекті тоқтатуға асықпаған. Ол тіпті файтерлерге жақын келіп қараған, бірақ, Костаның тыпыр етпей жатқанын байқамаған сияқты.

"Есімді жиғанымды дәрігерлер мен төрешілер қоршап тұр, дем ала алмай қиналдым. Ауруханада ғана өзіме келдім.

Видеода көзімді ашып жатқан сияқтымын, бірақ, есімнен танып қалғанмын. Бірнеше рет қозғалғандай көрінемін, алайда, ол діріл ғана. Кез келген төреші файтерді сілкілеп көреді, ал маған ешкім жақындамаған да. Қарсыласым тоқтамағанда өліп кетеді екенмін", - деп келтіреді Костаның сөзін MMA Fighting.


 

Bruno Massami (Бруно Массами)@BrMassami

WTF Ref!

7:22 - 20 авг. 2018 г.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін