Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Теміртас Жүсіповтің Омер Аметовичке қарсы жекпе-жегі наразылық тудырған. Жекпе-жекте төрешілердің басым бөлігінің шешімі бойынша, қазақстандық жеңіске жетті.
Сербияның бокс одағы бұл шешімді "ұят" деп атап, төрешілерді жеңісті ұрлады деп айыптады.
"Төрешілер шешімі біздің боксшымызға қарсы болды", — деді одақ президенті Слободан Джурич. "Серб боксшыларының бірінші, үшінші және төртінші жекпе-жектерінде осындай болды, төрешілер бәрінің көз алдында қарсыластарына алғашқы раундты берді, дегенмен бұл раундтар боксшыларымыздың таза жеңісі еді", — деді ол.
Функционер жекпе-жектің нәтижелеріне шағымданғанын айтты.
Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан. Келесі жекпе-жекте жеңіске жетсе, қазақстандықтың әлем чемпионаты жүлдесіне ілігеді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтың Өзбекстаннан келген Олимпиада чемпионын жеңуі
өзбек тарапының мәлімдемесінен кейін жанжал тудырған болатын.