Төрешілердің әділетсіз шешімін өзгерткен Абылайхан Жүсіповтің жекпе-жегінің видеосы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрешілердің әділетсіз шешімін өзгерткен Абылайхан Жүсіповтің жекпе-жегінің видеосы

Төрешілердің әділетсіз шешімін өзгерткен Абылайхан Жүсіповтің жекпе-жегінің видеосы

Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен италиялық Винченцо Манджакапре а

  • 29 Тамыз 2017
  • 549
Фото - Caravan.kz

Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен италиялық Винченцо Манджакапре арасындағы жекпе-жектің видеосы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, кеше 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов пен италиялық Винченцо Манджакапренің жекпе-жегі өткен болатын. Онда үшінші раундта отандасымыздың жарақат алуына байланысты төреші жекпе-жекті тоқтатып, оны әрі қарай жалғастыруға жол бермеді. Осылайша жеңіс италиялықтың қанжығасына байланды. Кейіннен қазақстандық тарап төрешілер шешімінің қайта қаралуына қол жеткізді. Себебі боксшылардың айқасы тоқтатылған уақытта есеп айырмасы бойынша Жүсіпов алда келе жатқан еді. Спортшымызға қосымша медициналық тексеру қажет болды. Тексеру нәтижесі Жүсіповтің алған жарақаты болмашы болғанын және жекпе-жекті тоқтатудың қажеті болмағанын көрсетті. Осылайша, жеңіс Жүсіповке берілді. Төмендегі видеодан жекпе-жек барысында отандасымыздың аса бір ауыр жарақат алмағанын байқауға болады.


 

Соңғы жаңалықтар