Т.Құлыбаев заманауи антидопинг зертханасын сатып алуға жәрдемдесуге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Т.Құлыбаев заманауи антидопинг зертханасын сатып алуға жәрдемдесуге уәде берді

Т.Құлыбаев заманауи антидопинг зертханасын сатып алуға жәрдемдесуге уәде берді

ҚР Олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаев Қазақстан спортшылары үшін заманауи антидопинг зертханасын сатып алуға қаржы табуға қолұшын беруге уәде берді. 

  • 11 Қараша 2015
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Олимпиада комитетінің бірлескен кеңейтілген жиналысында Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов барлық спорт түрлері федерацияларының өкілдерін допинг мәселесіне аударды. Оның сөзіне қарағанда, жаңа антидопингтік ережеге сәйкес Олимпиада ойындарына дейінгі жарты жылда спортшылардың допинг қолдануын анықтауға бағытталған бірқатар сынақтар өткізіледі. 

«Допинг бақылау зертханаларында масспектрометриялық құрал-жабдықтың соңғы моделі қолданылады. Өкінішке орай, олардың сезімталдығы біз сонау 2010 жылы сатып алған зертханадан әлдеқайда жоғары. Осыған орай Олимпиада  қарсаңында спортшыларымыз допинг бақылаудан өтуі кезінде біздің зертханаларымыз шектеу қойылған препараттарды анықтай алмауы мүмкін», — деді ол.

Осы ретте ҚР Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев аталған заманауи зертхананың құны қанша екендігін сұрады.


«Қазіргі теңге бағамын 1 долларға 300 теңге деп есептейтін болсақ, шамамен 200 млн. теңге тұрады», — деп жауап берді комитет төрағасы.

Т.Құлыбаев бұл проблеманы шешуге уәде бере келе: «Бұл өте маңызды мәселе. Біз оны қалай қаржыланыруға болатындығын қарайтын боламыз. Демеушілерімізді де тартамыз. Проблема шешіледі», — деді.

Соңғы жаңалықтар