Тур де Франста "астаналық" велошабандоздар командалық есепте 9-орында келе жатыр
Кеше әйгілі «Тур де Франс» көпкүндігінің 23 шақырымдық 2-кезеңі өтті. |
2 шілде күні Францияның Вендее қаласында жалауы көтерілген бұл дүбірлі додада қазақстандық "Астана" велоклубы командалық есепте 9-орында келе жатыр. Бұл сында астаналық шабандоздар арасында Александр Винокуров 27-ші, Дмитрий Фофонов 28-ші, Роман Кройцигер 92-ші, Андрей Гривко 146-шы, Андрей Зейц -159-шы, Реми Ди Грегорио 177-ші, Томас Вайткус 184-ші, Максим Иглинский 185-ші боп мәре сызығын кесіп өтті. Бұған дейін 139,7 шақырымдық алғашқы кезеңде астаналықтар арасынан ең жоғарғы нәтижені Саймон Кларк көрсеткен болатын. Онда сөреге Саймон Кларк 4-ші, Танел Кангерт 25-ші, Фридрик Кессиакофф 27ші, Жозеф Жуфре Роу 38-ші, Андрей Мизуров 42-ші, Евгений Непомняший 54-ші, Роман Киреев 68-ші, Роберт Кисерловский 98-ші боп келді.
Жалпы "Тур де Франс" көпкүндігі 21 кезеңнен тұрады. 24 шілде күні Париждегі Елисей алқабында аяқталатын бұл дүбірлі дода 34 71 шақырымға созылмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін