Жарияланды: 480

Тур де Франста жарақат алған Александр Винокуровты қолдау ретінде Алматыда 24 шілдеде веломарш өтеді

Алматыда 24 шілдеде Тур де Франста жарақат алған Александр Винокуровты қолдау ретінде веломарш өтеді, деп «Алматы» велоклуб баспасөз қызметінен хабарлады.

А. Винокуров жарыста алған елеулі жарақаттан соң, қазір ауруханада жатыр. «Велосипедшілер мен жанкүйерлер А. Винокуровты қолдау әрі саламатты өмір салтын дәріптеу мақсатында Алматы орталығында веломарш өткізеді», - дейді баспасөз қызметінен. Шара қаладағы Абай және Момышұлы даңғылдарының қиылысынан таңғы сағат 9 – да бастау алады. 24-ші шілде халықаралық «Тур де Франс» көпкүндік веожарысының соңғы күні. Қазақстандық веложарыс «Астана» командасының капитаны А. Винокуровтың бұл соңғы жарысы болды. Бірақ ол 9-ші кезеңде елеулі жарақат алып, жарыстан шығып қалуына тура келді. Операциядан соң ол өзінің велоспортшы мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін