Тұрар Достан шахматтан Словенияда өтетін 2012 жылғы әлем чемпионатына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрар Достан шахматтан Словенияда өтетін 2012 жылғы әлем чемпионатына қатысады

Тұрар Достан шахматтан Словенияда өтетін 2012 жылғы әлем чемпионатына қатысады

Тараздық оқушы Тұрар Достан шахматтан қараша айында Словенияда өтетін 2012 жылғы әлем чемпионатына қатысады,

  • 31 Қазан 2012
  • 321
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Жамбыл облыстық әкімдігінің спорт, туризм және денешынықтыру басқармасынан.

ФИДЕ шеберінің, Қазақстан Республикасы ұлттық шеберінің, әлемнің үш дүркін чемпионы Мәдина Дәулетбаеваның оқушысы Тұрар Достан 12 жасқа дейінгілер дәрежесінде бақ сынайды.

Қазақстанның 2012 жылғы Кубогының финалына жеткен ол елдің 16 мықты ойыншыларының қатарына кірді. Бұдан басқа, биыл бірқатар республикалық сайыстардың жүлдегері атанды.

Шахмат ойынына алты жастан құмар баланың отбасында бұл ойынды ата-анасы да, аталары да ойнайды. Алты жасында ол қалалық чемпионатта үшінші орын алса, он жасында қазақстандық чемпионаттың қола жүлдесін еншіледі, Иран және Грекиядағы халықаралық ойындарға қатысты.

Словениядағы жасөспірімдер чемпионаты Марибор қаласында өтеді. 7 қарашада делегаттардың келуі жоспарлануда. Бұл бәсекеге 8, 10, 12 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ 14, 16 және 18 жасқа дейінгі бозбалалар мен бойжеткендер қатысады.

Соңғы жаңалықтар