Жарияланды: 460

Түркістанда волейболдан Балалар лигасының күзгі чемпионаты өтті

Түркістанда 5-11 қараша күндері волейболдан 12-13, 14-15, 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Балалар лигасының күзгі чемпионаты өтті.

Онда 1999-2000 жылғылар арасында 9 команда, 1997-1998 жылғылар арасында - 13, 1995-1996 жылғылар арасында 12 команда бақ сынады. Тартысты өткен 89 ойынның қорытындысы бойынша алғашқы топта Қызылорда қаласының командасы - бірінші, Оңтүстік Қазақстан облысының командасы - екінші, Астана қаласының командасы үшінші орын алды. Екінші топта Түркістан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысының балғын волейболшылары үздік үштіктің қатарынан көрінді. Ал үшінші топта шығысқазақстандықтар жеңімпаз атанса, астаналықтар мен оңтүстікқазақстандықтардың екінші командасы 2-3 орынды бөлісті. Енді Қысқы чемпионат 4-11-қаңтарда - Павлодарда, ал көктемгі чемпионат наурызда Шымкентте өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін