Түркиядағы күрестен «Яшар Догу» турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы үштікке енді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиядағы күрестен «Яшар Догу» турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы үштікке енді

Түркиядағы күрестен «Яшар Догу» турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы үштікке енді

Түркияда күрестен "Яшар Догу" турнирі мәресіне жетті.

  • 28 Маусым 2021
  • 43
Фото - Caravan.kz

Соңғы жарыс күнінде екі қазақстандық балуан жүлдегер атанды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Атап айтар болсақ, 62 келідегі Аяулым Қасымова финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлде тағынды. 

68 келідегі Жәмила Бақбергенова турнирдің қола жүлдесіне қол жеткізді. 


Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үздік үштікке енген. Бірінші және екінші орынды тиісінше Болгария мен Түркия иеленді. 

Соңғы жаңалықтар