Туыстары азапталады. Иран ойыншыларына АҚШ-пен матч алдында қысым көрсетілуде
![]() |
Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы АҚШ-пен матч алдында Иран құрамасы футболшыларының туыстарына қысым көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды "Чемпионат". |
Егер футболшылар ойын алдында өздерін "дұрыс ұстамаса" олардың туыстары түрмеге қамалып, азапталатыны айтылды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ға сілтеме жасап.
Ислам революциясы сақшылары корпусының он шақты офицері Иран командасының футболшыларын жіті қадағалап жүр екен. Ойыншыларға құрама жайғасқан орыннан шығып, шетелдіктермен сөйлесуге тыйым салынған.
Иран - АҚШ матчі бүгін түнгі 01:00-де басталады. Тікелей трансляцияны мына жерден тамашалай аласыз.
В тобында төрт ұпаймен Англия көш бастап тұр. Екінші орындағы Иран еншісінде үш балл. АҚШ-та екі ұпай. Ал Уэльс бір ұпаймен топта соңғы
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін