Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында World Boxing ұйымының жаңа президент сайлауында үміткерлер қатарынан көрінген Геннадий Головкинді қолдауға шақырды.
«Генаға қолдау танытайық!
Достар, кезекті рет ауызбіршілік танытып, бокстың дамуына үлес қосатын сәт келді. 23-қараша күні World Boxing ұйымының жаңа президенті сайланады. Үміткерлер арасында өзіміздің даңқты боксшымыз Геннадиий Головкин бар. Осы тұрғыда қазірден оны жан-жақты қолдауға шақырамын. Біздің қолдан келетіні @officialworldboxing және @olympics парақшаларына кіріп, соңғы посттарына GGG деген жазуды және еліміздің көк туын 🇰🇿 толтырып тастайық. «Геннадий Головкин лайықты!» немесе «Геннадий Головкинді қолдаймыз!» деген сияқты пікірлерді жаудырайық. Мейлі қазақ, мейлі орыс, мейлі ағылшын тілінде. Бұның барлығы түпкі нәтижеге міндетті түрде әсер етеді. Қолдан келер қолдауымызды аямайық! Дәл осы хабарламаны максималды таратайық! Чаттарға тастайық! Каналдарда бөлісейік! Қазақ деп жүрегі соғатын әр азаматқа жеткізейік! Генаның жеңісі – қазақ боксының жеңісі! Генаның жеңісі – бәріміздің ортақ жеңісіміз! Сәттілік!», — деп жазды ол.
Сондай-ақ, журналист бүкіләлемдік бокс кеңесінің де Геннадий Головкинге қолдау көрсетіп жатқанын айтты.
«Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) World Boxing ұйымының президенттік сайлауы алдында негізгі үміткер Геннадий Головкинге қолдау танытып, ресми сайтында арнайы жазба жариялады.
«World Boxing ұйымында қызмет етіп, біздің спортты олимпиада бағдарламасында қалдыруға атсалысып жүрген мамандарға шынайы алғыс білдіреміз. Әсіресе, Геннадий Головкин сияқты аңыз адамның осы іске білек сыбана кіріскені қуантады. Сондықтан, біздің тарап World Boxing ұйымының бастамаларын және Геннадий Головкиннің үміткер ретіндегі батыл шешімін қолдайды» — делінген жазбада», — деп жазды ол. «Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) World Boxing ұйымының президенттік сайлауы алдында негізгі үміткер Геннадий Головкинге қолдау танытып, ресми сайтында арнайы жазба жариялады. «World Boxing ұйымында қызмет етіп, біздің спортты олимпиада бағдарламасында қалдыруға атсалысып жүрген мамандарға шынайы алғыс білдіреміз. Әсіресе, Геннадий Головкин сияқты аңыз адамның осы іске білек сыбана кіріскені қуантады. Сондықтан, біздің тарап World Boxing ұйымының бастамаларын және Геннадий Головкиннің үміткер ретіндегі батыл шешімін қолдайды» — делінген жазбада», — деп жазды ол.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының президенттік сайлауы 23 қарашада Италияның Рим қаласында өтеді