U19 және U22 Азия чемпионаты аяқталды: Қазақстан қандай нәтиже көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
U19 және U22 Азия чемпионаты аяқталды: Қазақстан қандай нәтиже көрсетті

U19 және U22 Азия чемпионаты аяқталды: Қазақстан қандай нәтиже көрсетті

Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы нәтижесі белгілі болды.

  • 11 Тамыз
  • 116
Фото: Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

sportqory-ның мәлімдеуінше, аталмыш додаға 25 елден 400-ге жуық боксшы қатысқан.

Таиланд астанасы Бангкокта бокстан U19 және U22 Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. WORLD BOXING ұйымы құрылғалы осы жас дәрежесінде алғаш рет өткен біріншілікке 25 елден 400ге жуық былғары қолғап шебері қатысты.

Қазақстан боксшыларының еншісінде: 7 алтын, 9 күміс және 6 қола медаль бар:

U19 әйелдер арасында 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Құралай Егінбайқызы алтын медаль иеленсе, 57 кг салмақта Аяжан Ермек Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал, Айым Танкибаева (51 кг), Жанель Имантаева (54 кг), Алина Кудайгенова (60 кг), Ақбота Есімбекова (65 кг) Сабина Жақсылық (+80 кг) біріншіліктің қола медаліне ие болды.

U19 ерлер арасында 90 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Расул Асанханов Азия чемпионы атанды. Әділет Тортубек (60 кг), Бибарыс Әшірбай (70 кг), Тимур Тайбеков (80 кг), Нұрсұлтан Қыстаубай (85кг) Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Нұрсұлтан Шілдебай (75 кг) қола медаль иегері атанды.

U22 әйелдер арасында 48 және 70 кг салмақ дәрежесінде жұдырық түйістірген Гүлназ Бөрібаева мен Бақыт Сейдіш алтын медаль иеленсе, Шұғыла Нәлібай (75 кг) мен Әсел Тоқтасын (+80 кг) күміс жүлдегер атанды.

U22 ерлер арасында отандық боксшылар арасынан 3 чемпион шықты. Олар: Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжарәлі Бегалиев (80 кг), Темірлан Мұқатаев (90 кг). Ал, Илья Калинин (65 кг) мен Нұрбек Мұрсал (70 кг) чемпионаттың күміс медалін қанағат тұтты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера