Жарияланды: 80

«Уайымдама, ең мықтыдан жеңілесің!»: жеңіліп көрмеген боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

«Уайымдама, ең мықтыдан жеңілесің!»: жеңіліп көрмеген боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

«Дивизиондағы мықтыларға қарсы тұрып, халықтың қалауын орындауға дайынмын», -деп ағынан жарылған боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Sn.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Орта салмақта WBO чемпионы, америкалық Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) дивизиондағы ең мықты боксшылар өзінен неге қашқақтайтынын түсіндірді.

«Бизнес тұрғысынан қарау керек. «Канело» немесе басқасында келісімшарт бар. Бұл қалай жұмыс істейтінін білесіздер – жеңілсең, табысың азаяды. Онда Деметриус Андрадемен жекпе-жекте өзіңді қауіпке тігудің не керегі бар, жеңіліп қалып, бәрін басынан бастау қаупі жоғары болса?

Егер сонша мықты болсаң, сен «Канело», GGG, Сондерс немесе ағайынды Чарлолар, менен жеңілгеніңе уайымдаудың қажеті жоқ. Бұрынғысынша жақсы болып қаласың, тек ең мықтыдан жеңілесің. Дивизиондағы мықтыларға қарсы тұрып, халықтың қалауын орындауға дайынмын. Қиын емес, кез келгенімен шығамын», - дейді Андраде.