УЕФА Чемпиондар Лигасының жеребесі: Реал - МЮ, Милан - Барселона, Арсенал - Бавария...
Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа чемпиондар лигасының 1/8 финал ойындарының жеребе тарту рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Еуропа футбол қауымдастығының ресми сайты. Сөйтіп, футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлерді келер жылдың ақпаны мен наурызында бірқатар қызықты матчтар күтіп тұр. |
Ең алдымен, Реал Мадрид - Манчестер Юнайтед жұбы жанкүйерлер қызығушылығын тудырары сөзсіз. Манчестерде «үлкен жұлдызға» айналған Криштиану Роналду Олд-Траффордқа оралып, Сэр Алекс Фергюссон шәкірттеріне қарсы тұрмақ.
Бұдан басқа, Милан - Барселона, Арсенал - Бавария сынды тартысты ойындар күтіп тұр. Еуропа чемпиондар лигасы 1/8 финалдық жеребесінің толық нұсқасы төменде көрсетілген:
ПОРТУ (Португалия) - МАЛАГА (Испания)
ВАЛЕНСИЯ (Испания) - ПСЖ (Франция)
РЕАЛ МАДРИД (Испания) - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД (Англия)
МИЛАН (Италия) - БАРСЕЛОНА (Испания)
ШАХТЕР (Украина) - БОРУССИЯ (Германия)
АРСЕНАЛ (Англия) - БАВАРИЯ (Германия)
СЕЛТИК (Шотландия) - ЮВЕНТУС (Италия)
ГАЛАТАСАРАЙ (Түркия) - ШАЛЬКЕ-04 (Германия)
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін