Украинада өткен халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар 3 алтын медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада өткен халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар 3 алтын медаль жеңіп алды

Украинада өткен халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар 3 алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Мариупольде (Украина) өткен 45-ші халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп қазақстандық бокс федерациясынан хабарлады.

  • 11 Шiлде 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандық боксшылар 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медальмен «Макар Мазай» мемориалының 45-ші халықаралық турнирінде жалпыкомандалық екінші орын алды», — делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

Алтын жүлдегерлер Біржан Жақыпов (49 кг), Олжас Саттібаев (52 кг) пен Серік Сапиев (69 кг). Күміс Ғани Жайлауовқа (60), Василий Левитке және Иван Дычкоға (91 кг) бұйырды.

Федерация хабарында осы турнирге 9 елден командалар қатысқаны айтылады. Жалпыкомандалық зачетте 22 медаль алған Украина командасы 1-ші орында болды. 8 медальмен екінші орында Қазақстан, үшінші орынды 5 медальмен Өзбекстан командасы алды.

Соңғы жаңалықтар