Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысушылар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысушылар анықталды

Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысушылар анықталды

Турнирдің жартылай финалдық ойындары 14 және 15 маусымда өтеді.

  • 28 Қыркүйек 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысушылар белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасап.

Соңғы қатысушы сейсенбіде Португалия мен Испания арасындағы ойында анықталды. Ойын 0:1 есебімен аяқталды. Португалиялықтар жеңіліс тапты. Жалғыз голды 88-минутта испаниялықтардың шабуылшысы Альваро Мората соқты.

Осылайша Испания құрамасы өз тобында бірінші орын алып, Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне өтті.

Бұған дейін "Төрттік финалға" Голландия, Италия және Хорватия құрамалары шыққан болатын.


Ұлттар лигасының финалдық кезеңін өткізетін ел іріктеуден өткен командалар арасынан таңдалады. Жартылай финалдық жұптар ашық жеребе арқылы анықталады.

Турнирдің жартылай финалдық ойындары 14 және 15 маусымда өтеді. Үшінші орын үшін матч пен финал 2023 жылдың 18 маусымында өтеді.

Соңғы жаңалықтар