Жарияланды: 390

Ұлыбританияда отырып ойнайтын волейболдан Құрлықаралық кубок сарапқа салынып жатыр

Ұлыбританияның Кетеринг қаласында өтіп жатқан отырып ойнайтын волейболдан Құрлықаралық кубокта Қазақстан құрамасы «А» тобында сынға түсіп жатыр. Шілденің 11-і күні басталған бұл дүбірлі доданың ақтық ойыны сенбі күні өтеді.

Онда Қазақстн ұлттық құрамасының бас бапкері Бауыржан Тақауовтың тәлімгерлері Босния-Герцеговина (25:11, 25:8,25:11) мен Украинаға (25:11, 25:18, 25:15) 0:3, ал Бразилияға (21:25, 17:25, 25:23, 20:25) 1:3 есебімен есе жіберді. Енді олар 9-11 орындар үшін Әзірбайжан мен Канада құрамаларымен кездеседі. Жалпы, Құрлықаралық кубоктың бірінші дивизионында 11 елдің құрамасы бақ сынауда. Қазақстан оған 2010 жылғы 2-дивизионның жеңімпазы ретінде биыл алғаш рет қатысып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін