Caravan Logo

Ұлыбританияда отырып ойнайтын волейболдан Құрлықаралық кубок сарапқа салынып жатыр

Ұлыбританияда отырып ойнайтын волейболдан Құрлықаралық кубок сарапқа салынып жатыр

Онда Қазақстн ұлттық құрамасының бас бапкері Бауыржан Тақауовтың тәлімгерлері Босния-Герцеговина (25:11, 25:8,25:11) мен Украинаға (25:11, 25:18, 25:15) 0:3, ал Бразилияға (21:25, 17:25, 25:23, 20:25) 1:3 есебімен есе жіберді. Енді олар 9-11 орындар үшін Әзірбайжан мен Канада құрамаларымен кездеседі.

Жалпы, Құрлықаралық кубоктың бірінші дивизионында 11 елдің құрамасы бақ сынауда. Қазақстан оған 2010 жылғы 2-дивизионның жеңімпазы ретінде биыл алғаш рет қатысып отыр.