Универсиада жарыстарының бүгінгі кестесі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Универсиада жарыстарының бүгінгі кестесі

Универсиада жарыстарының бүгінгі кестесі

Бүгін, 4 ақпанда Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі медальмен толығуы мүмкін. Екатерина Айдова конькимен жүгіру спортында үздік нәти

  • 4 Ақпан 2017
  • 447
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 4 ақпанда Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі медальмен толығуы мүмкін. Екатерина Айдова конькимен жүгіру спортында үздік нәтиже көрсетіп жүрген қашықтықта жарысса, бірінші жарыс күнінде қысқа бағдарламада бірінші орын алған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен еркін бағдарламада бақ сынайды. Vesti.kz қазақ бөлімі 4 ақпанның Универсиада аңдатпасын ұсынады.

Спорт түрі: Керлинг. Ерлер, әйелдер. Топтық кезең.
Кім: Қазақстан — Ресей (Е), Қазақстан — Швеция (Ә), Қазақстан — АҚШ (Е).
Басталуы: Бірінші кездесу 09:00-де, екіншісі 14:00-де және үшіншісі 19:00-де басталады.

Спорт түрі: Тау шаңғысы спорты. Слалом-гигант. Ерлер.
Кім: Сергей Данов, Захар Кучин, Алексей Сысоев.
Басталуы: 10:00

Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты. Ерлер, 10 000 метр. Әйелдер 1000 метр.
Кім: Надежда Сидельник, Мария Сизова, Татьяна Климчук, Екатерина Айдова, Федор Андреев, Артур Сергиен.
Басталуы: 11:00

Спорт түрі: Шаңғы жарысы. Ерлер, әйелдер. Аралас командалық спринт.
Кім: Қазақстан-1, Қазақстан-2.
Басталуы: 11:00.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Плей-офф.
Кім: Ширек финалға өткен командалар.
Басталуы: 16:00.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Әйелдер. Жартылай финал.
Кім: Канада — АҚШ.
Басталуы: 16:30.

Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Ерлер. Еркін бағдарлама.


Кім: Денис Тен, Абзал Рахымғалиев.
Басталуы: 17:00.

Спорт түрі: Шаңғымен секіру. Аралас командалық жарыс.
Кім: Қазақстан құрамасы.
Басталуы: 17:00.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Плей-офф.
Кім: Ширек финалға өткен командалар.
Басталуы: 19:30.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Әйелдер. Жартылай финал.
Кім: Ресей — Қытай.
Басталуы: 20:00.

Ескерту!

"Шымбұлақта" фристайл және тау шаңғысы спортынан жарыстар өтеді. Конькимен жүгіру спорты "Медеу" мұз айдынында, керлинг — "Алматы Аренада", ерлер хоккейі — "Халық аренада", әйелдер хоккейі — Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Биатлон мен шаңғы қоссайысы "Алатау" ғимаратында өтеді. Мәнерлеп сырғанау "Алматы Аренада", ал шаңғымен тұғырдан секіру "Сұңқар" ХШТК-де өтеді.

Сонымен қатар, барлық жанкүйер үшін спорттық нысандарға автобустар жүреді. Көліктер арнайы кесте бойынша қаланың үш нүктесінен жүреді. Орталық стадион, "Саяхат" автовокзалы және "Алматы-1" теміржол вокзалынан.
 

Соңғы жаңалықтар