Универсиада–2017. Допинг сынамасының нәтижесі шықты - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Универсиада–2017. Допинг сынамасының нәтижесі шықты

Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындарының допинг сынамаларында ешқандай рұқсат етілмеген дәрумендер табылмаған.

Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) ресми сайтының мәліметі бойынша, бүкіләлемдік допингке қарсы ұйым (WADA) сынамалардың таза екенін және рұқсат етілмеген препараттардың табылмағанын мәлімдеген.

Айта кетейік, Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындарына 57 (рекорд) елден 1621 спортшы қатысқан. Ал Австриядағы лабораторияға 216 қан сынамасы тапсырылды.

Еске салайық, Универсиада–2017 ойындарында Ресей құрамасы 71 жүлдемен: 29 алтын, 27 күміс және 15 қола медальмен бірінші орын алған. Екінші орынға Қазақстан 36 медальмен (11,8,17) табан тіреген. Ал үштікті Оңтүстік Корея 21 медальмен (11,5,5) қорытындылады.

  • 11 Тамыз 2017
  • 740
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар