Ол — марқұм Эмануэль Стюардтың шәкірті — 30 жастағы Джонатон Бэнкс, деп хабарланды www.svit24.net. сайтында.
В. Кличко: «Ол Джонатон Бэнкс болатынын әу бастан білгенмін. Бұл адам Стюардтан көп нәрсені үйренді», — деп атап өтті.
Владимир Д. Бэнкспен 9 жыл бұрын танысты. Стюардпен де сол уақытта танысқан болатын. Бэнкс бокстасуға әлі де шығып жүр және ол Владимирдің тұрақты спарринг-әріптесі болып табылады.
Еске салайық, Д. Бэнкс Стюардтың нашар денсаулығы туралы белгілі болғаннан кейін Владимир Кличконы Мариуш Вахқа қарсы жекпе-жекке дайындай бастаған болатын. Вахпен жекпе-жек 10 қарашада Гамбургте өтеді.
Бэнкс бокстағы өзінің жеке карьерасын жалғастыра беретін болады. Оның Сетт Митчеллге қарсы айқасы 17 қарашада АҚШ-та өтеді.