В. Кличко өзінің жаңа бапкерінің есімін атады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В. Кличко өзінің жаңа бапкерінің есімін атады

В. Кличко өзінің жаңа бапкерінің есімін атады

IBF/IBO/WBA/WBO версиясы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Владимир Кличко бокстан өзінің жаңа бас жаттықтырушысының есімін ресми түрде мәлім етті.

  • 9 Қараша 2012
  • 369
Фото - Caravan.kz

Ол — марқұм Эмануэль Стюардтың шәкірті — 30 жастағы Джонатон Бэнкс, деп хабарланды www.svit24.net. сайтында.

В. Кличко: «Ол Джонатон Бэнкс болатынын әу бастан білгенмін. Бұл адам Стюардтан көп нәрсені үйренді», — деп атап өтті.

Владимир Д. Бэнкспен 9 жыл бұрын танысты. Стюардпен де сол уақытта танысқан болатын. Бэнкс бокстасуға әлі де шығып жүр және ол Владимирдің тұрақты спарринг-әріптесі болып табылады.

Еске салайық, Д. Бэнкс Стюардтың нашар денсаулығы туралы белгілі болғаннан кейін Владимир Кличконы Мариуш Вахқа қарсы жекпе-жекке дайындай бастаған болатын. Вахпен жекпе-жек 10 қарашада Гамбургте өтеді.

Бэнкс бокстағы өзінің жеке карьерасын жалғастыра беретін болады. Оның Сетт Митчеллге қарсы айқасы 17 қарашада АҚШ-та өтеді.

Соңғы жаңалықтар