Ватерполшы қыздарымыз «Кириши кубогіне» таласуда
ҰХЛ-дағы жалғыз жерлесіміз Николай Антропов мекен-жайын өзгертеді. Жуырда оның «Атланта Трэшерс» командасы АҚШ-тан Канадаға көшеді. Себебі, клубтың қожайыны ауысты. Бұл келісім-шарт 170 миллион доллар деп бағаланды. Енді Өскемен өрені ҰХЛ-да Оңтүстік-шығыс дивизионның Шығыс конференциясында ойнайды. Ал ватерполшы қыздарымыз Ресейде «Кириши Кубогіне» таласуда. 10-шы Халықаралық турнирдің алғашқы айналымында Андрей Сазыкин шәкірттері Грекия |
құрамасымен кездесті. Белсенді қимылдап, балықтай жүзген қарсылас ойынның соңына дейін 1 гол айырмашылықпен алда болды. Алайда, соңғы секундтарда Марина Гриценко таразы басын теңестірді. Таблоға тіркелген қорытынды есеп 13-13.
Ойын соңында Грекияның бас бапкері Георгис Морфезис қақпашының көп қателік жібергенін жеткізді. Биыл «Кириши Кубогін» 6 команда сарапқа салуда. Жарыс қожайындары Ресей Венгрия қыздарын 18-14 есебімен жеңсе, Австралия АҚШ-пен 7-7 есебімен тең тарқасты. Дәстүрлі су добы сайысы бір аптаға жалғасады. Байрақты бәсеке айналмалы жүйемен өткізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін