Ватерполшы қыздарымыз «Кириши кубогіне» таласуда - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ватерполшы қыздарымыз «Кириши кубогіне» таласуда

Ватерполшы қыздарымыз «Кириши кубогіне» таласуда

ҰХЛ-дағы жалғыз жерлесіміз Николай Антропов мекен-жайын өзгертеді. Жуырда оның «Атланта Трэшерс» командасы АҚШ-тан Канадаға көшеді. Себебі, клубтың қожайыны ауысты. Бұл келісім-шарт 170 миллион доллар деп бағаланды. Енді Өскемен өрені ҰХЛ-да Оңтүстік-шығыс дивизионның Шығыс конференциясында ойнайды. Ал ватерполшы қыздарымыз Ресейде «Кириши Кубогіне» таласуда. 10-шы Халықаралық турнирдің алғашқы айналымында Андрей Сазыкин шәкірттері Грекия құрамасымен кездесті. Белсенді қимылдап, балықтай жүзген қарсылас ойынның соңына дейін 1 гол айырмашылықпен алда болды. Алайда, соңғы секундтарда Марина Гриценко таразы басын теңестірді. Таблоға тіркелген қорытынды есеп 13-13.

  • 2 Маусым 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz



Ойын соңында Грекияның бас бапкері Георгис Морфезис қақпашының көп қателік жібергенін жеткізді. Биыл «Кириши Кубогін» 6 команда сарапқа салуда. Жарыс қожайындары Ресей Венгрия қыздарын 18-14 есебімен жеңсе, Австралия АҚШ-пен 7-7 есебімен тең тарқасты. Дәстүрлі су добы сайысы бір аптаға жалғасады. Байрақты бәсеке айналмалы жүйемен өткізілуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера