"Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшы қыздар 7-орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшы қыздар 7-орын алды

"Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшы қыздар 7-орын алды

Шілденің 9-16 күндері Вьетнам елінің Дак Лак қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында "Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирі өтті.

  • 19 Шiлде 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz


ҚР Волейбол федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, оған 8 елден 9 команда қатысқан. Онда Нелли Щербакова жаттықтыратын Қазақстанның жастар құрамасы іріктеу кезеңінде «А» тобында өнер көрсетті. Олар Солтүстік Корея мен Вьетнам-1 командаларына 0:3 есебімен жеңіліп, Австралия волейболшыларымен болған соңғы ойында ғана 3:1 есебімен жеңістің дәмін татты. Одан кейін негізгі сында тайландықтардың осал тұсын таба алмағанмен (0:3), австралияқтармен болған екінші кездесуде тағы да 3:1 есебімен басым түсіп 7-орынға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар