Виктория Графеева өзбекстандық боксшыны жеңіп, жартылай финалға өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.75
  • 586.77
0 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Виктория Графеева өзбекстандық боксшыны жеңіп, жартылай финалға өтті

Виктория Графеева өзбекстандық боксшыны жеңіп, жартылай финалға өтті

60 келідегі боксшымыз бүгін өзбекстандық Ситора Турдыбекованы жеңді. Есеп - 4:1

  • 10 Қыркүйек 2025
  • 54
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

Виктория 1/4 финалда Өзбекстан елінің боксшысы Ситора Турдибековамен қолғап түйістірді.

Алғашқы раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева жекпе-жектің екінші және үшінші кезеңінде басым түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

12 қыркүйек күні Виктория ақтық сынға жолдаманы Ребека де Лима Сантоспен (Бразилия) сарапқа салады.