Жарияланды: 430

Винокуров қараша айында ҚР велоспорт федерациясының басшылығына келеді

Велошабандоз Александр Винокуров 2011 жылдың қараша айында ҚР велоспорт федерациясының басшылығына келеді, деп хабарлады ҚР велоспортфедерациясының басшысы, экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов.

«… 2011 жылдың 7 қарашасында ол (Александр Винокуров - ҚазТАГ) Астанада баспасөз мәслихатын өткізіп, үлкен спорттан кететінін жариялайды. Сол күні мен Винокуровтың кандидатурасын Қазақстанның велоспорт федерациясының президенті қызметіне ұсынамын», - деді Қ. Келімбетов сейсенбі күні арнайы баспасөз мәслихатында. А.Винокуров 1997 жылы «Казино» командасының құрамында кәсіби велошабандоздардың қатарына қосылды. 2000 жылы Олимпиада ойындарында жолмен топтасып жарысуда екінші орын алды (жүлделі орынды топ бойынша серіктестері Ян Ульрих пен Андреас Клоденмен бөлісті). Сондай-ақ, ол «Vuelta a Espaa» жарысының бір кезеңінде жеңіске жетті. 2003 жылы «Париж-Ницца» жарысында жеңімпаз атанды. «Amstel Gold Race» бір күндік жарысын жеңіспен аяқтады. 2003 жылы Швейцарии Турында дара шықты, «Tour de France» жарысының бір кезеңінде жеңіп, мәре сызығына Лэнс Армстронгтан және Ян Ульрихтен кейін үшінші болып жетті. 2006 жылы Александр («Вино») «Liberty Seguros-Wrth» командасына ауысты, оның атауы кейін Astana деп өзгертілді. 2011 жылы команда Джиро д' Италиакубогын жеңіп алды. 2009 жылдың қарашасынан бері команданың демеушісі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ болып отыр. Команданың жылдық бюджеті 15 млн еуро.Құрамында 27 велошабандоз бар, оның 11 –і – қазақстандық. Бас жаттықтырушысы - Джузеппе Мартинелли.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін