Винокуров «Тур де Франс» жарысының кезеңінде құлап, қатты жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Винокуров «Тур де Франс» жарысының кезеңінде құлап, қатты жарақаттанды

Винокуров «Тур де Франс» жарысының кезеңінде құлап, қатты жарақаттанды

«Тур де Франс» жарысының 9-ші кезеңінде сәтсіз құлаудан «ProTeamAstana» командасының капитаны Александр Винокуров ауыр жарақат алды, деп ҚР велоспорт федерациясының (ВСФ) баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Шiлде 2011
  • 323
Фото - Caravan.kz

«Тік құламадан түсіп келе жатып, Винокуров сәтсіз құлауынан оң жақ жамбас сүйегінің басы сынды», — делінген ВСФ баспасөз қызметінің дүйсенбі күні таратқан хабарында.

«Винокуров жарыс бастап келе жатып 110-шы шақырымда құлады. Бұрылысқа симаған ол өзінің командалас серігі Дмитрий Фофоновпен бірге жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды», — делінген хабарда.

«ProTeamAstana» команда капитаны сол түні Париждегі госпитальға апарылып, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні оған профессор Ивес Катоне операция жасады.

«Мен Тур де Франстағы финалым мұнша қайғылы болады деп ойламаған едім. Дәрігерлер маған ұзақ уақытқа тыныштық сақтау керектігін айтады. Сондықтан мен Тур де Франсты теледидар арқылы көріп, «Астанаға» жанашырлық танытатын боламын», — деді А. Винокуров операциядан соң.

Тур де Франс – жыл сайын Францияда және оның маңындағы елдерде шілде айының 3 аптасында өткізіліп тұартын Proкатегориясындағы веложарыс. «Тур де Франс» 21 кезеңнен тұрады. Жарыс ұзақтығы 3-4 мың шақырым. «Тур де Франс» жарысында бірнеше сыйлық топтамасы тігіледі.

Соңғы жаңалықтар