Владимир Кличко WBA/WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Владимир Кличко WBA/WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды

Владимир Кличко WBA/WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды

Украиндық боксшы Владимир Кличко WBA/WBO/IBF нұсқалары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды, деп хабарлады РБК.

  • 11 Қараша 2012
  • 359
Фото - Caravan.kz

Гамбургтегі «O2 World Arena» кешенінде өткен басты жекпе-жегінде украиндық былғары қолғап шебері Польша боксшысы Мариуш Вахты жеңіп шықты. Боксшылар рингте барлық 12 раундты өткізді, оның қорытындысымен төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс В.Кличкоға берілді. Төрешілер жазбасының есептері: 120-107, 120-107, 119-109.

Соңғы сайысқа дейін В.Кличконың есебінде 58 жеңіс (50 нокаутпен), сондай-ақ 3 жеңіліс болды. М.Вах бұған дейін жеңіліп көрмеген еді және 27 жекпе-жекті (15 нокаутпен) ұтқан еді.

Бұған дейінгі 2012 жылғы шілдедегі сайыста В.Кличко американдық Тони Томпсонды жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар