Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қытайдың Цзянмэнь қаласында волейболдан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 27 тамызда Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға жолдама алу үшін Францияға қарсы кездесу өткізді.
Өкінішке қарай, 1/8 финалда жеңіске жете алмады. Қарсылас команда 3:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, отандастарымыз әлем чемпионатында өнер көрсетуін жалғастырып, 9-16 орындар үшін бақ сынайды.