Жарияланды: 400

Волейбол: бірінші турдан кейін Оралдың «Конденсаты» бесінші орында келеді

Хромтау қаласында мәреге жеткен волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында республика чемпионатының бірінші турынан кейін Оралдың «Конденсаты» бесінші орында келеді.

Игорь Никольченко жаттықтыратын оралдықтар бұл турда Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысы» мен «Павлодар» клубтарын 3:0 есебімен ұтты. Алайда басқа ойындарында «Конденсат» әбжілдік таныта алмады. Ел чемпионы «Алматыға» 0:3 есебімен есе жіберсе, «Атыраудан» 1:3 есебімен ұтылды. Ал аса тартысты өткен матчтарда алаң иелері «ТНК Казхром» мен Петропавлдың «Есілінен» 2:3 есебімен жеңіліп, ұпай жоғалтуға мәжбүр болды. Бірінші турда «Конденсат» сапынан Орал волейболының түлегі Виталий Вориводин үздік деп танылды. Бірінші тур қорытындысы бойынша «Алматы», «Атырау», «Павлодар» командалары алда келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін