Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды

Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды

Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде 2-9 қараша күндері

  • 10 Қараша 2012
  • 303
Фото - Caravan.kz

волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Кубогының ширек финалдық ойындары өтті. Онда барлық қарсыластарын ойсырата ұтқан Талдықорғанның «Жетісуы» 21 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. «Жетісулықтарға» ғана ұтылып, павлодарлықтармен ұпай бөліскен алаң қожайындары 17 ұпаймен — екінші, «астаналықтар» 15 ұпаймен — үшінші, павлодарлықтар («Ертіс-Қазхром») 13 ұпаймен төртінші орын алды және жартылай финалдың жолдамасын иеленді. Турнир кестесінде үздік үштіктің қатарында болып келген «алматылықтар» соңғы екі кездесуде астаналықтарға — 3:1, павлодарлықтарға 3:0 есебімен есе жіберіп, қорытынды есепте 9 ұпаймен бесінші орынға түсіп қалды. Одан кейінгі орындарды «Қостанай (6 ұпай), «Грация Астана KZ» (3 ұпай) мен қоржыны бос қайтқан Теміртаудың «Спартак» командасы өзара бөлісті.

Енді 12 қараша күні «Жастар» сарайында «Қарағанды» мен «Астана», «Жетісу» мен «Ертіс-Қазхром» командалары жартылай сында қайта кездеседі. Келесі күні бұл сайыста басым түскендер Кубок үшін, ал жеңілгендері үшінші орын үшін таласатын болады.

Соңғы жаңалықтар